Сыбайлас жемқорлық және жол қозғалыс ережесі тақырыбында семинар

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар депсатаментінде инспекция  қызметкерлерімен ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу» және «Жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша» тақырыбында Департамент қызметкерлеріне семинар өткізілді. 

         Семинар жұмысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Мұкатай Нұргүл Тұрлыбайқызы және Ақтау қалалық Полиция басқармасының штабының бастығы полиция майоры Бахытжан Хайруллин өз бағыттары бойынша түсіндірді.

         Семинар Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Бекболат Каирбекович Абдикадыровтың төрағалығымен өткізілді.

Семинардың мақсаты: қоғамның өзекті мәселелерінің біріне айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқықтық сауаттылықты ашу және жол қауіпсіздік ережесін еске салу.

  Семинар соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі бағыттарын, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтік жұмысына сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты , сонымен қатар жол қауіпсіздік ержелерін бұзушылықтарын белгіледі.

 

 

 

Дата публикации
18 августа 2021