Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша қызметтік жұмысының нәтижелері туралы анықтама

Департаменттің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша 92 бөлімнен тұратын іс-шара бекітілген, оның ішінде есептік кезеңде 21 іс-шара бойынша Министрлікке және тиісті органдарға ақпарат жіберілді, 10 іс-шара мерзімімен орындалып, бақылаудан алынды және 82 бөлімдегі іс-шаралар бұдан әрі мерзімдерімен орындау үшін бақылауға қойылды.

Жалпы есептік кезеңде Департаменттің "101" және "112"–ге келіп түскен телефон қоңырауларына сәйкес бес жүзге жуық (480) авариялық - құтқару жұмыстарына жедел шығулар (2020-490, -2%) жасалды.

ТЖ саны (оқиғаларды есепке алмағанда) +6% артты, барлығы 66 ТЖ (2020-62) тіркелді (ТЖ ұлғаюы барлық өрттердің ТЖ ретінде тіркелуіне байланысты).

Авариялық-құтқару жұмыстары барысында 6 адам құтқарылды (2020-6), 172 адам көшірілді (2020 – 186, -7,5%), 6 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді (2020-17, -2,8 р.).

ТЖ кезінде қаза болғандар саны 100% (2021 -11, 2020-0) және зардап шеккендер саны 110 жағдайға артты (2021-111, 2020 -1).

Облыс аумағында 64 өрт тіркелді (2020 – 60), +6%-ға өсті.

Өрттерден материалдық шығын 4 млн.теңгеден (4млн.143мың теңге) астам сомманы құрайды, өткен кезеңмен салыстырғанда 100%-ға өсті (2020 – тіркелген жоқ).

Бақылаудағы объектілерде 15 өрт тіркелді, оның ішінде жоғары дәрежелі – 4, болмашы объектілерде – 11, өрттердің 15%-ға өсуі байқалады (2020 – 13 өрт, оның ішінде жоғары – 0, болмашы-13).

Өртте жалпы сомасы 33 млн. теңгені құрайтын тауар-материалдық           құндылықтар құтқарылды, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  36%-ға өсу байқалады (2020 – 21 млн. теңге).

Мемлекеттік өрт бақылау қызметін ұйымдастыру туралы нақты ақпаратты басқарма бастығы баяндайтын болады.

ТЖ алдын алу және жою мәселелері облыстың (қалалар мен аудандардың) ТЖ жөніндегі комиссияларының отырыстарында қаралды.

ТЖ комиссияларының жұмыс жоспарына сәйкес 12 (9 қалалар мен аудандарда (оның ішінде 2 жоспардан тыс), 3 облыстық) отырыс ұйымдастырылды және өткізілді. Облыстық, қалалық және аудандық отырыстарда 36 мәселе қаралды.

Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері еріктілер Департаментпен ұйымдастырылған үгіт-насихат жұмыстары мен айлықтарға 56 рет (224 адам) қатысты.

Аумақтың су тасқыны және еріген қар суы салдарынан төнетін қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша облыс әкімдігімен "су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары " бекітілді.

            Казгидромент мәліметі бойынша облыс аумағындағы климат қолайлы, жақын арада жауын-шашын болмайды.

         Қалалар, аудандар әкімдіктері және жол қызметтері 1336 су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша жұмыс жүргізді (оның ішінде 783 - автожолдарда, 553 - темір жолдарда).

Облыстың қалалары мен аудандарында (7) жалпы ұзындығы 15,1 шақырым болатын 86 арық тазаланды.

Ағымдағы жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша төтенше жағдайға арналған резервте және шұғыл шығындарға арналған резервте әкімдіктен 1,426 млрд.теңге (32 млн. тг. - төтенше резерв, 1,394 млрд. теңге.- шұғыл шығындарға) бөлінді.

Су тасқынының алдын алуға және жоюға жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуге 19 шарт (265 тонна), тамақ өнімдерімен және уақытша тұратын орындармен қамтамасыз етуге 118 шарт, сондай-ақ инертті материалдар резервінің 1573 тоннасы және 4290 қап (құм салуға арналған) дайындалды.

 

ТЖ жою бойынша іс-қимыл жоспарына алдын ала түзетулер енгізілді, көктемгі кезең жағдайында ТЖ жоюға тартылатын күштер мен құралдардың есебі нақтыланды. Департаменттің күштері мен құралдарын топтастыру көктемгі кезеңге толық дайын. Сондай-ақ Ақтау халықаралық әуежайында ЕС-145 тікұшағы орналасқан.

            Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау кезінде азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының күштерін жедел басқару алгоритмі пысықталды. Су тасқыны жағдайы асқынған жағдайда жеке құрамның жалпы саны 924 адам, 308 бірлік техника, 14 бірлік жүзу құралдары және 101 мотопомпа күштер мен құралдар тобы құрылғанын атап өткен жөн.

Департаменттің есебінде азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарды орындауға және сақтауға жататын 168 бақылаудағы субъектілер (объектілер) бар.

2021 жылдың І жартыжылдығына азаматтық қорғаныс саласында профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне жоспарланған 41 нысанның 28-і (68,3%) тексерілді, қалған 11 нысан ағымдағы жылдың II тоқсанында жоспарлы профилактикалық бақылаумен қамтылады.

Объективті себептер бойынша 2 тексеру (4,8%) жүргізілген жоқ, атап айтқанда: 2 субъект, заңды тұлғаның бірігуіне байланысты («Ақтау қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ және «Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ»).

Осылайша, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына профилактикалық бақылау тізімінің орындалуы 68,3% - ды құрайды.

Жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша азаматтық қорғаныс саласындағы 247 бұзушылық анықталды (193 өрескел, 24 елеулі және 30 елеусіз).

Азаматтық қорғау Республикалық оқу-әдістемелік орталығында
10 адамды оқыту ұйымдастырылды, жоспар бойынша 10 адам.

Департаментте облыстық курстарда 151 тыңдаушы оқытылды, жоспар бойынша - 92 (2020 ж. – 132, жоспар бойынша – 135),
бұл жоспарланғаннан 40% - ға көп.

11 мыңнан астам (11 645) оқушыны қамти отырып, 65 интерактивті сабақ өткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% - ға көп (2020 - 56, 10000 оқушыны қамтыды).

Жоспар бойынша 194 оқу-жаттығу мен жаттығу ұйымдастырылып өткізілді, (2020 ж. – 291, жоспар бойынша 254).

Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша 51 ақпараттық-анықтамалық стенд рәсімделді (2020 - 40, +14%), азаматтық қорғаныс айлығына арналған 35 билборд қойылды (2020 - 1,+97%),
6 үгіт материалдары шығарылды және таратылды (2020 - 6, 0%), таралымы 47 мың (47 338) данадан астам (2020 – 118 715, -60%).

Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы бас ассамблеясының қарарына сәйкес 1 наурызда Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтілді, ол ағымдағы жылы «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс» ұранымен өтті.

Қоғамның назарын Азаматтық қорғаныстың маңыздылығына аудару, халықтың төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға дайындығын арттыру мақсатында үгіт-насихат іс-шаралары ұйымдастырылды.

Айлық шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең түсіндіру жұмыстарына, интерактивті сабақтар, оқу-жаттығулар, жарыстар, оқу орындарында ашық сабақтар мен конкурстар өткізуге, авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын көрсете отырып, өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсияларға ерекше назар аударылды.

Барлығы 159 іс-шара өткізіліп, 8 мыңнан астам (8128) брошюралар мен жадынамалар таратылды.

 

БАҚ-та 294 сөз сөйлеу ұйымдастырылды (2020 – 204, +40,8%). Дауыс зорайтқышта сөз сөйлеулер– 201 (2020 – 50, +80%). Имидждік 48 материал шығарылды. Басшылықпен барлығы БАҚ-та 38 рет сөз сөйлеулер ұйымдастырылды (ТЖД бастығы -15, ТЖДБ орынбасарлары-18, ТЖ кезінде ТЖД және «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшылары -5).

10 брифинг және 5 баспасөз конференциясы өткізілді (ӨКҚ -5, жүрмелі-2, ТЖД-да-8). 55 билборд орнатылды (тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі бойынша -31, судағы қауіпсіздік бойынша-15, АҚ бойынша -9).

 

Азаматтардың 61 өтініші тіркелген (2020-33, +2,2 есе ), оның ішінде жеке тұлғалардан – 28 (25, +1,3 есе ) және заңды тұлғалардан - 33 (5, +4,6 есе).

 

Департамент басшылығы азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес  тоқсан сайын азаматтарды қабылдау кестесі бекітіледі және Департаменттің сайтында, сондай-ақ "Маңғыстау құтқарушысы"ведомстволық журналында орналастырылады.

Есептегі уақытта басшылық 3 азаматты (оның ішінде ӨСжАҚЖҚ, ТЖБ бастықтары) қабылдады (2020-4, 25 пайызға азайды).

Қабылдау кезінде ауызша түсіндіру мен жазбаша жауаптар берілді. Азаматтардан қайталанған өтініштер болған жоқ, сондай-ақ бастапқы өтініштерге толықтай жауаптар берілді деп қорытындылауға болады. 

Өтініштермен жұмыс бақылауда.  Бақылауды жүзеге асыру кезінде тапсырмалардың орындалу мерзіміне және қойылған мәселелерді толық қарауға, өтініште баяндалған фактілерді тексерудің объективтілігіне, заңдылығы мен негізділігіне ерекше назар аударылады.

Департаментте жеке құраммен жұмыс, олардың қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтауына ерекше назар аударылады.

Гарнизонның штат саны - 870, нақты саны - 812, бос лауазым 7 пайызды көрсетеді.

Бос лауазымдарға орналасу үшін алғашқы оқуға үміткерлерді іріктеу жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 19 үміткер өрт сөндірушілер санатында оқытылуда.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан Департаменттің және оның бөлімшелерінің 19 қызметкері өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, сондай-ақ облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдерімен 4 дөңгелек үстел өткізілді, материалдар Департаменттің сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылды.

Жалпы қызметтік-әскери тәртіп және жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстар туралы нақты баяндаманы баяндамашыдан тындаймыз.

Республикалық бюджет қаржысын игеру және мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қатаң бақылауда ұсталады.  

Бірінші тоқсанда бюджеттен барлығы 47 млн. 977 мың теңге бөлінді, оның ішінде 47 млн. 753 мың теңге (немесе 99,5%) игерілді, игерілмегені – 224 мың теңге, оның ішінде («Қызмет көрсетулер мен жұмыстар төлемі» 159-ерекшелік бойынша 60,8 мың теңге, «Міндетті медициналық сақтандыруға шегерім» 124-ерекшелік бойынша 72,7 мың теңге, «Өзге де ағымдағы шығындар» 169-ерекшелік бойынша 91,0 мың теңге).

ӨС және АҚЖҚ-да міндеттемелер бойынша 554 млн. 755 мың теңге бөлінді, оның ішінде 554 млн. 657 мың теңге игерілді, игерілмегені – 97 мың 889 теңге (немесе 100%). Төлемдер бойынша 332 млн. 775 мың теңге бөлінді, оның ішінде 332 млн. 770  мың теңге игерілді, игерілмегені – 4 мың 353 теңге (немесе 100%).

Облыстық бюджеттен «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 198 млн. 982 мың теңге бөлінді, Облыс аумағындағы дала және орман өрттеріне ғарыштық мониторинг жүргізу қызмет көрсетулеріне бюджеттік өтінім бойынша 4млн.теңге бөлінді. Облыстық бюджетті нақтылау кезінде «Теңге ауылы № 11 өрт сөндіру бөлімі ғимаратын қайта салу арқылы күрделі жөндеу» жобалық сметалық құжатқа  түзетулер енгізуге 7 млн. 783 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, сондай-ақ күні бүгінде № 8 өрт сөндіру бөлімінің әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу үшін кезең-кезеңмен бюджет қаржысын бөлу жүзеге асуда.

Республикалық бюджет бойынша мемлекеттік сатып алуға 11 млн. 055 мың теңге бөлінді.

Облыстық бюджеттен нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 202 млн. 982 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда Golden Way ЖК-мен 2 дана мотопомпаны жалпы сомасы 498 мың теңгеге сатып алуға келісім жасалды.

Бұдан басқа "Huatong Machinery" ЖШС-мен 2 дана мотопомпаны жалпы сомасы 10млн. 971 мың теңгеге сатып алуға келісім жасалуда.

Бірыңғай оператордан автоцистерна мен автосатыны жалпы сомасы 162 млн. 616 мың теңгеге сатып алуға конкурс аяқталды, конкурсты ұтушы белгілі болды. Сондай-ақ (шатыр) палатка бағалық ұсынымы бойынша жалпы сомасы 1 млн. 562 мың теңгеге хабарландыру жарияланды.  

Сондай-ақ, бәрімізге мәлім наурыз айында Министрліктің аудит комиссиясымен 2016 - 2020 жыл аралығына ҚР бюджеттік және өзге де заңнама талаптарына сәйкестігі мәселесі бойынша аудиторлық тексеріс жүргізілді, қорытындысында кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталды.

Кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша біздің тарапымыздан жоюға бағытталған іс-шаралар жоспары дайындалды, артық төленген соммаларды төлем жасап, түбіртектерді ұсыну арқылы мемлекет бюджетіне ақшалық соммаларды қайтару жүргізілді. Бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар бойынша қызметтік тергеу жүргізілді және нәтижелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылды. Анықталған кемшіліктерді жою жоспары бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу ерекше бақылауға алынды. Жұмыс нәтижелері бойынша ақпарат ҚР ТЖМ-ға ұсынылды.

         Жылдың басынан бастап қызметкерлерге қатысты берілген тапсырманы уақытылы, тиісті деңгейде орындамау, жұмыс кабинетінде техникалық қауіпсіздік пен тазалықты сақтамау, прокуратурада акт тіркеуді бұзу, қызметті тиісті деңгейде ұйымдастырмау, бақылау-тексеру барысында қайта кемшіліктер жіберу, заң талаптары нормаларын білмеу, жұмыс регламентін бұзу, кешігу, киім кию ережесін бұзу, тағы басқа жағдайлар бойынша 25 қызметтік тергеулер мен талқылаулар болған. Нәтижесінде кінәлі, жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Сондай-ақ, Департаменттің бақылау-тексеру жоспарына сәйкес аумақтық, құрылымдық бөлімшелер қызметіне 7 тексерулер жүргізілді. Қорытындысы бойынша кемшіліктер мен бұзушылықтар көрсетілген анықтама мен қызметтік жазба ұсынылды. Кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге тиісті шаралар қолданылды.

          

Дата публикации
31 марта 2021