Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

 

                   Маңғыстау облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің

      20___ жылғы «____» _________

                  № ____ бұйрығына

                  № _____ қосымша

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің   

ЕРЕЖЕСІ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрімен бекітілген, Департаменттің штаттық кестесімен анықталады.
  4. Бөлім өзінің құрылымында бөлім бастығынан, екі бас маманнан (1 офицер, 1 әкімшілік мемлекеттік қызметкер) және аға инженерден тұрады.

 

 

2-тарау. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) өз құзреті аясында мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және тұжырымдамалармен, Министрліктің стратегиялық жоспарымен, жыл сайынғы Операциялық жұмыс жоспарларымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Министр арасындағы жыл сайынғы меморандумдармен, төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы Министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына жету мақсаты бойынша Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру;  

3) өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың алдын алу саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

4) халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру;

5) Департаменттің, оның аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру;

6) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету болып табылады;

7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету (жұмыс жоспарын жасау, материалдарды қалыптастыру, отырыстарды дайындау және өткізу), оның хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

8) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің Алқа отырыстарына және Департаменттің жедел отырыстарына материалдар, ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

9) елді мекендер мен шаруашылық жүргізу объектілерін су тасқынынан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

10) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласында халықты, ұйымдардың лауазымды адамдары мен жұмыскерлерін білімді насихаттауды, оқытуды ұйымдастыру;

11) құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар мен ғылыми ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы жұмысын үйлестіру;

12) Департаменттің  аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы қызметін үйлестіру;

13) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы ақпараттық-талдау жұмысы болып табылады;

14) халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдармен  өзара іс-қимылдың жай-күйін талдау;

15) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеуді және қолдануды жүзеге асыруға қатысу;

16) мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы хабардар етуді ұйымдастыру;

17) қауіпті табиғи құбылыстарға мониторинг жүргізетін ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру және оларды болжау;

18) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жерүсті және ғарыштық мониторинг жүйесінің (байқау, болжау, бақылау қызметтері) жай-күйі мен дамуын талдау;

19) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын бағалау үшін Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану;

20) бөлімнің қызмет саласына қатысты нормативтерді, стандарттарды және қағидаларды келісу;

21) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізілетін іс-шаралар туралы есептерді дайындау және белгіленген тәртіппен Департамент басшылығының қарауына енгізу;

22) облыс аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын келісу және бекітуге дайындау;

23) Маңғыстау облысының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктері аумақтарының қауіпсіздік паспорттарын келісу және бекітуге дайындау;

24) аумақтық органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу саласына жауапты мамандарының жұмысына әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және үйлестіру, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға көмек көрсету;

25) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласында Департаменттің аумақтық құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметтік іс-қимылын ұйымдастыру және бақылау;

26) азаматтық қорғау саласында еріктілер қызметін жалпы үйлестіру;

27) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметін жетілдіруге, аумақтық органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу саласына жауапты мамандарының және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар-кеңестерді, дөңгелек үстелдерді, тәжірибе алмасу бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

28) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаты, ауқымы, тәуекел дәрежесі туралы бірыңғай деректер банкін құруға қатысу;  

29) мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша:

табиғи дүлей зілзалалардың туындауы бойынша қауіпті ошақтарды, учаскелер мен аймақтарды анықтау және мониторинг жүргізу;  

су тасқыны әсеріне ұшырауы мүмкін учаскелер мен аумақтар ошақтарын есепке алу;

жануарлар мен өсімдіктердің қауіпті ауруларының, зиянкестердің пайда болуы бойынша қауіпті учаскелерді, аймақтар мен ошақтарды анықтау, есепке алу және мониторингтеу;

су тасқыны, жануарлар мен өсімдіктердің қауіпті аурулары және зиянкестермен байланысты төтенше жағдайлардың туындау фактісі бойынша мемлекеттік органдармен жедел ақпаратпен өзара алмасу;

30) нормативтік құқықтық актілерді және бөлімге қатысты құқықтық актілерді дайындауға қатысады.

31) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Департамент бастығына бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді жедел кеңестер отырысында қарау туралы ұсыныстарды енгізуге құқылы;

2) бөлім қызметкерлерін бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық органдардың  кеңестеріне жолдау;

3) Департаменттің аумақтық органдарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарында жұмыстың жай-күйіне мақсатты және тақырыптық тексерулерді жүзеге асыруға, кешенді тексерулерді дайындауға және жүргізуге қатысуға;

4) талдамалық зерттеулер, тексерулер мен қызметтік тергеп-тексерулер нәтижелері бойынша бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ нақты лауазымды адамдардың қызметіне бағалау беруге міндетті;

5) аумақтық бөлімшелердің ТЖ алдын алуға жауапты мамандарын тыңдау және бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент басшылығына   аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тыңдау туралы ұсыныстар енгізу;

6) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

7) іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен төтенше жағдайлардың туындауына алып келуі мүмкін немесе алып келген лауазымды адамдардарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

8) бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен деректерді (оның ішінде компьютер аралық байланыс каналдары бойынша) жергілікті атқарушы органдардан, аумақтық бөлімдерден, мекемелерден және ұйымдардан сұрату мен алуға.

  1. Заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

 

3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді Департамент бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
  3. Бөлім бастығы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  4. Бөлім бастығы Департамент басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. 12. Қажет болған жағдайда Бөлім осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды.
  6. Осы мақсатта бөлім бастығы:

1) бөлімнің жеке құрамының  міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің бас маманы:

1) өз өкілеттіктері шегінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

2) Бөлім бастығы болмаған кезеңде оның міндеттерін орындау туралы шешіміне сәйкес жалпы басшылықты жүзеге асырады.

        

4-тарау. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі

 

  1. 15. Бөлім қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін тиісті орындамағаны, еңбек және қызметтік тәртібін, сондай-ақ ішкі еңбек тәртібін сақтамағаны үшін жауапкершілікте болады.
  2. Бөлімнің барлық қызметкерлері белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтамағын үшін жеке жауапкершілікте болады.

_________________________________

 

Ереже
Дата публикации
05 апреля 2021