Онлайн режимде оқыту өткізілуде

Бүгінгі күні қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай түрлі оқыту курстары мен семинарларды өткізуге мүмкіндік бермейді. Қазіргі уақытта оқыту онлайн режимінде жүргізіледі. Департамент қашықтықтан әр түрлі санаттағы білім алушылар үшін азаматтық қорғау саласында курстар өткізеді.

Оқыту процесі кезінде тыңдаушылар:

тұру және жұмыс істеу аумағынатән төтенше жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларын, сондай-ақ жаппай қырып-жоятын қаруға және қарудың басқа түрлерін;

әскери қақтығыс және төтенше жағдайлар кезінде пайда болатын қауіптіліктерден қорғану әдістері мен құралдарын;

жеке және ұжымдық қорғану құралдарының орналасқан жерлері;

ұйымда бар өрт сөндірудің бастапқы құралдарының орналасу орындарын;

жеке қорғау құралдарын алу, сондай–ақ қорғаныш құрылыстарында жасырын паналар, қорғаныш құрылыстарында жүріс-тұрыс алгоритмдерін;

адамдар жаппай жиналатын жерлерде, өрт кезінде, су обьектілерінде және табиғатта жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдарын;

ұйым жұмыскерлерінің эвакуациялауды және жеке қорғану құралдарын пайдалануды жүргізуге ақпараттық хабарламалары бар "Назар аударыңыздар!" сигналы бойынша іс-қимылдарын;

азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру бойынша іс-шараларды;

алғашқы көмек көрсетілетін денсаулық жағдайы және оны көрсету тәртібін зерделейді.

Оқыту аяқталған соң қорытынды тестілеу жүргізіледі.

Дайындықтан (қайта дайындықтан) өткен тыңдаушыларға бірыңғай үлгідегі сертификаттар беріледі.

 

 

Дата публикации
09 февраля 2021