Соңғы уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты улы газбен улану жиілеп кетті. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үй секторында өрттің және қаза болудың алдын алу мақсатында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуде.
Рейдтердің басты мақсаты – тұрғындарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылықты болдырмауға және түсінстік танытуға шақыру, электр желілерін жүктеуге, электр құрылғыларын және газ қондырғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзуға жол бермеуді түсіндіреді. Рейд барысында пешпен жылыту қолданылатын жеке үйлердің иелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қатты отынды пештер өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан жанудың көзі болып табылады. Статистикаға сүйенсек, жанудың туындауына пештік жылытуды қолданудың қағидаларын бұзушылық себепті.
Үй иелеріне тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтаудың, оның ішінде отты қолдану, электр құрылғыларын қолдану, электр қондырғыларын монтажын және пешті орнату кезіндегі қағидаларды еске салады.
Үй иелерімен әнгімелесу барысында өрт сөндірушілер үйді өрттен қалай қорғауға, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жеке адамдар мен мүліктің зақымдануына жол бермеуге болатындығын түсіндіреді.
Сонымен, тамыз айынан бастап Департаменттің қызметкерлері «Қазақстан еріктілер лигасы» еріктілерімен бірге 123 мыңнан астам адамдарды қамтумен 31596 үй аралау өткізді.
Профилактикалық іс-шаралар кезінде «халықтың әлеуметтік осал топтары» деп аталатын адамдарға, яғни көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге, жетімдер мен мүгедектерге ерекше көңіл бөлінді. Профилактикалық жұмыс барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, өрт тақырыптары бойынша анықтамалықтар ұсынылды.
Департаментпен халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 3 мыңнан астам үй тіркеліп үй аралаулармен қамтылған.
Тұрғындармен қонақтардан өрт қауіпсіздігі профилактикасына оң көзбен қарап, өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды және әрқашан мұқият болуды сұраймыз.
Маңғыстау облысы ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы