Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Жанназаров Нұртай Кеңес-Әлиұлын әріптестері зейнет демалысына шығарып салды. Н.Жанназаров 1975 жылы 15 тамызда Арал ауданында дүниеге келген. 2008 жылдан бастап азаматтық қорғау саласында абыроймен қызмет етті. Зейнет жасына жетуіне орай №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері лауазымынан құрметті зейнет демалысына шықты. Әріптестері Нұртай Кеңес-Әлиұлына отбасындағы амандық пен алдағы уақыттағы қоғамдағы қызметіне абырой тіледі.
Арал ауданы ТЖБ