Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Қармақшы ауданының азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері Жосалы, Төретам кенті мен Ақай ауылындағы тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында тұрғындарға жылыту маусымында көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу, тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, балалардың отпен ойнауына жол бермеу және балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде ескертілді. Сонымен қатар тұрғын үйлерге орнатылған көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктерге бақылау жұмыстарын жүргізді.
Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі