Шиелі ауданы № 13 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне 2021 жылдың 15 тамызы күні 17 сағат 05 минутта Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылындағы "Ханқожа" көлінің ортасында моторлы қайықтың бұзылғаны туралы және ондағы адамдарға көмек керектігі жөнінде хабар түсті.
Оқиға орнына Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Ә. Нұрмантаев және бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Н. Мұсахан суға шомылу маусымындағы төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында хабарлама бойынша барды.
Оқиға орнына барған кезде анықталғаны Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылы, "Ханқожа" көлінің ортасында сырт жақтан келген қонақтар моторлы қайықпен серуендеу барысында қайықтың қозғалтқыш бөлігі істен шығып, бұзылғандығы анықталды.
Оқиға орнына Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінен 2 қызметкер және 3 ауыл тұрғыны 2 қайықпен барып, жедел әрекет ету арқасында қайықты және азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, 4 адамды жағаға шығарды. Олар Шиелі ауданындағы туыстарына қыдырып келген Тараз қаласының 1998, 2001, 2004, 2008 жылы туған тұрғындары екен.
Оқиға орнынан жағаға дейінгі арақашықтығы шамамен 350 метр, тереңдігі шамамен 6-7 метр.
Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі