
Төтенше жағдай кезінде қаза тапқандар ескерткіші маңында 2008 жылы 28 ақпан күні МИ-8 тікұшағы апатынан қаза болғандарға тағзым ету, еске алу шарасы өтті.
Әскери қызмет барысында бақилық болған отандастарымыздың ерлігі бүгінгі буынға үлгі. Сондықтан олардың қалтқысыз қызметін өскелең ұрпаққа дәріптеу күн тәртібінен түспейтіні анық.
Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке үндейтін тағылымды шара Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында жалғасын тапты.
Жиылған қауым бақилық болған әскери сала қызметкерлерінің ерлігі, өрлігі хақында естеліктер айтып, олардың ізгі қасиеттерін кейінгі жастарға үлгі етті. Қатысушылар әуе апатынан опат болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіш тақта алдына гүл шоқтарын қойды. Мұнан кейін құрбан болғандардың рухына бағышталып құран оқылды.
Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі