Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі

 2022 жылғы 9 айында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қызмет) бөлімдерімен дабыл бойынша 1178 рет (Жедел құтқару жасағы 624 рет) шықты (2021 жылы – 1420 рет, Жедел құтқару жасағы – 586 рет), өткен жылмен салыстырғанда 242 шығысқа немесе 17% азайған.

- өртке – 311 рет (2021 жылы – 296), өткен жылмен салыстырғанда 15 шығысқа немесе 4,9% көбейген (Арыз бойынша – 32 рет);

- авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге – 14 рет, жасақ 83 рет (2021 жылы 19, жасақ - 51 рет), өткен жылмен салыстырғанда 5 шығысқа немесе 26,3% азайған;

- өртке жатпайтын жану оқиғасына – 852 рет (2021 жылы – 1104), былтырғы жылмен салыстырғанда 252 шығысқа немесе 22,9% азайған;

- жалған шақыруға – 1 (2021 жылы -1);

- іздестіру-құтқару жұмыстары - 36 рет (2021 жылы 55 рет), былтырғы жылмен салыстырғанда 19 шығысқа немесе 34,5 % азайған.

- тұрмыстық сипаттағы шығыстарға – 188 рет (2021 жылы 129 рет), былтырғы жылмен салыстырғанда 59 шығысқа немесе 31,3 % көбейген;

- жол-көлік оқиғалары – 2 рет (2021 жылы - 7 рет) былтырғы жылмен салыстырғанда 5 шығысқа немесе 71,4 %-ға азайған.

 Құтқару жұмыстары барысында

Құтқарылған адам саны (оның ішінде жасөспірім) 243 (180), (2021 жылы 212 (130)) былтырғы жылмен салыстырғанда 12,7%-ға көбейген.

Эвакуацияланған адам саны (оның ішінде жасөспірім) 5 (1), (2021 жылы 19 (4)) былтырғы жылмен салыстырғанда 73,6%-ға азайған.

Түрлі жағдайда қаза болған адам денесі шығарылған саны (оның ішінде балалар)   36 (4), (2021 жылы 38 (12)) былтырғы жылмен салыстырғанда 5,2%-ға азайған.

Құтқарылған жануарлар саны 40, (2021 жылы 16) былтырғы жылмен салыстырғанда 60%-ға көбейген.

Су айдындарында қаза болған адамдардың саны 28 (2021 жылы 48 адам, оның ішінде 24 ересек 24 бала), былтырғы жылмен салыстырғанда 41,6% азайған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Төтенше жағдайлар комитетінің 2015 жылғы 12 мамырдағы №110 бұйрығының талаптарына сәйкес, қала, аудан өрт сөндіру бөлімдерімен 53 өрт оқиғасы талданды (2021 жылы сол аралықта 60 өрт оқиғасы талданды) 11,6 % азайған. Зерделеуге жататын өрт оқиғасы тіркелген жоқ.

 ӨТЖ, ӨТС жеке құрамның дайындығы

Жедел тактикалық салада ең маңызды және қиын ұйымдарда және ауылдық, аудандардың елді мекендерінде өрт сөндіруді ұйымдастырау мақсатында, әр түрлі нысандарға 39 рет өрт-тактикалық жаттығу (2021 жылы–33 рет) өткізілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 6 жаттығуға немесе 15,3% көбейген. Өрт-тактикалық сабақтар 104 рет (2021 жылы 71 рет) өткізілді, өткен жылмен салыстырғанда 33 сабаққа немесе 31,7 %-ға көбейген.

Орман-тоғай өрттерін жоюда жылдам әрекет ету мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында облыс төңірегінде Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ-мен бірлесе отырып 8 өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді.

«Қазәуеқұтқару» АҚ ағымдағы жылға арналған оқу-жаттығу ұшуларының жоспарына сәйкес жасақ құтқарушылары «Қазәуеқұтқару» АҚ ЕС-145 және МИ-8Т тікұшақтарымен 3 жаттығу өткізді. Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар кинологиялық есептермен бірге зардап шеккен азаматты іздестіру құтқару жұмыстары және алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, тікұшағымен тасымалдау, сонымен қатар белгіленбеген аймаққа тікұшақпен қону және альпинистік құралдар арқылы әуеден десанттау жұмыстарын жүргізді.

Өртке қарсы су көздері

Күзгі қарау жұмыстарының қорытындысы бойынша 6036 (2021 жылғы күзі мерзімде - 5880) өрт сөндіру гидрантының (бұдан әрі - ӨСГ) 156 немесе 2,6%-ға көп және 133 (2021 жылғы күзгі мерзімде - 133) су қоймасының (бұдан әрі - СҚ) жағдайы қаралды. Оның ішінде  570 ӨСГ (2021 жылғы күзгі мерзімде - 414) 156 немесе 27,3%-ға және 20 СҚ (2021 жылғы күзгі мерзімде - 20) әртүрлі себептермен пайдалануға жарамсыздығы анықталды. Жаңадан 161 ӨСГ ( №2 МӨСБ--2 ӨСГ, №6 ӨСБ – 7 ӨСГ, №10 ӨСБ -130, №4 ӨСБ -21, №14 ӨСБ - 1) есепке алынып, 5 ӨСГ ( №9 ӨСБ – 5 ӨСГ есептен алынды).

Қазіргі таңда  133 су қоймасы бар (2021 жылғы күзгі мерзімде 133)  және оның  ішінде 20 СҚ  яғни 15 % (2021 жылғы күзгі мерзімде 20) жарамсыз. 4 дана СҚ есептен алынды (№2 МӨСБ 1 дана, №9 ӨСБ 2 дана, №14 ӨСБ 1 дана), 4 дана СҚ ( №14 ӨСБ 4 дана) есепке қойылды.

Аудандар бойынша:

4590 ӨСГ жағдайы қаралды (2021 жылы күзде 4464 ӨСГ, 126 дана немесе 2,8% көбейген).

Оның ішінде жарамды 4330 ӨСГ (2021 жылы күзде 4360 ӨСГ, 30 данаға немесе 0,7% азайған), жарамсыз 260 ӨСГ (2021 жылы күзде 104 ӨСГ, 156 данаға немесе 60% көбейген).

84 СҚ жағдайы қаралды (2021 жылы күзде 83 дана СҚ, 1 дана немесе 1,1% көбейген). Оның ішінде жарамды 78 дана СҚ (2021 жылы күзде 78 дана СҚ), жарамсыз 6 дана (2021 жылы күзде 5 дана СҚ, 1 данаға немесе 16,7% көбейген).

Газ-түтіннен қорғау қызметі

Газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру негізінде Қызметтің 14 өрт сөндіру бөлімдері (сонымен қатар 2 өрт сөндіру бекеті)  және жедел құтқару жасағында  газ-түтіннен қорғау қызметі ұйымдастырылған.

Есепті кезеңде гарнизон аумағында барлық тіркелген 311 өрттің 69-на немесе 22,2% сығымдалған тыныс алу аппаратына қосылып, 1720 минут жұмыс жасаған.  (Бір ГТҚҚ буынмен 61 рет (1377 минут) және екі ГТҚҚ буынмен 8 рет (343 минут)).

Орын алған 852 өртке жатпайтын жану оқиғасының 21-не немесе 2,4% сығымдалған тыныс алу аппаратына қосылып, 429 минут жұмыс жасаған.

Кесте бойынша ГТҚҚ сабақтарына 1324 рет қосылып, 29980 минут жұмыс жасаған. (ГТҚҚ нормативке 681 рет (9001 минут), таза ауадағы сабаққа 417 рет (12520 минут), жылу-түтін камерасында 156 рет (7100 минут), өрт-тактикалық жаттығуға 34 рет (446 минут) және өрт-тактикалық сабаққа 36 рет (913 минут)).

 Қызметтің жабдықталуы

Қызмет теңгерімінде барлық автотехникалар саны 106 бірлік (гараждың сыйымдылығы бойынша барлығы 230 бірлік болу керек) немесе 46%-ға жарақталған. Мәлімет үшін (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 06 қыркүйектегі «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету жөніндегі» № 429 бұйрығы бойынша, Қызметке 230 бірлік техникамен жабдықталуы қажет. Оның ішінде: негізгі өрт сөндіру автокөлігі 96 бірлік, арнайы техника  40 бірлік, көмекші техника 94 бірлік).

Оның бүгінгі күнге:

негізгі автотехника саны 55 бірлік немесе 57,2% жарақталған, қосымша                       41 бірлік қажет;

арнайы автотехника саны 12 бірлік немесе 30% жарақталған, қосымша                       28 бірлік қажет;

көмекші автотехника 39 бірлік немесе 41,4% жарақталған, қосымша 55 бірлік қажет.

Қызмет теңгерімінде 16 өрт депосы және Жедел-құтқару жасағының 2 ғимараты бар. 18 ғимараттың 5 өрт сөндіру бөлімінің ғимараты орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған (Қызылорда қаласы №1, №2 МӨСБ, №4 ӨСБ, өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету бөлімі, Қазалы ауданы №9 ӨСБ), 7 өрт сөндіру бөлімі сұйық отынмен (Арал ауданы №3 МӨСБ, Қармақшы ауданы №10 ӨСБ, Жалағаш ауданы №11 ӨСБ, Сырдария ауданы №11 ӨСБ, Шиелі ауданы №16 ӨБ, Қызылорда қаласы №5, №6 ӨСБ), 2 өрт сөндіру бөлімдері қатты отынмен (Қазалы ауданы №15 ӨБ, Жаңақорған ауданы №14 ӨСБ) және 2 өрт сөндіру бөлімі (Қызылорда қаласы №7 ӨСБ, Шиелі ауданы №13 ӨСБ) мен Жасақтың 2 ғимараты табиғи отынмен жылытылады.

Жаңақорған ауданы №14 ӨСБ мен Қазалы ауданы №15 ӨБ 90т. мөлшерінде көмірмен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар басқа да өрт сөндіру бөлімдері сұйық дизель отынымен 90 тонна мөлшерде қамтамасыз етілді. Қызметтің өрт сөндіру бөлімдері жылу маусымына дайын.

 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы бойынша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ТЖМ аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жол картасын бекіту туралы» бірлескен бұйрық шығарылды (үш жылға 759 млн 416 мың теңге қарастырылған).

 Жоспарланған қаржыны бөлдіру мақсатында жергілікті бюджетке                      258 млн. теңге бюджеттік өтінім жолданып, комиссия тарапынан 113 млн. теңге қолдау тапты (2 бірлік 8 орынды үрлемелі қайық, 5 дана құрғақ типтегі гидрокостюм,  5 дана дымқыл типтегі гидрокостюм, 2 дана жылжымалы компрессор, 10 дана сигнализатор, 2 дана құтқару моторы, 1 дана  құтқарушыларға арналған құрастырмалы үй, 6 дана экшн-камера, 10 дана тепловизор).

 Бюджет қаражатының игерілуі бойынша

            Міндеттемелер бойынша қаржы жоспарындағы  1млрд.941 млн. 344,0  мың теңгенің 1млрд. 895 млн. 635  мың теңге яғни 97,6% игерілді. Игерілмегені  45709,0  мың теңге яғни 2,4%. Оның ішінде: 46,4 мың теңге  бос лауазымдардың бар болуынан үнемделген қаржы.

          143 «Заттық мүліктерді, нысанды және арнаулы киім-кешектерді сатып алу ерекшелігі» бойынша 33 млн.465 мың теңге ҚР Үкіметінің қаулысы шыққан кейін келісім шартқа қол қойылатын болады.

          149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша мемлекеттік сатып алу порталына 2022 жылғы 16 тамызында 9 млн. 282 мың теңгеге өрт жеңдерін сатып алуға ашық конкурс жарияланды. Ағымдағы жылғы 5 қазанда ашылады. 2 млн. 962 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.

          Төлемдер бойынша қаржы жоспарындағы 1 млрд. 823 млн. 540,0 мың теңгенің  1 млрд. 823 млн. 388 мың теңге яғни 99,9% игерілді.  Игерілмегені  152,0 мың теңге яғни 0,1%. Оның ішінде: 46,4 мың теңге бос лауазымдардың бар болуынан үнемделген қаржы. 105,6 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.

Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы

Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің 112 және 101 телефон желілеріне 9 айыда көрсеткіш төмендегі нәтижені 93779 құрады (2021 ж.- 120671 қоңырау -22 % қоңырауға азайған). Оның ішінде:

«112» бойынша – 114 рет (2021жылы 131 рет) 13 % азайған;

«101» бойынша – 544 рет (2021 жылы 603 рет) 9,8 % азайған;

«102» бойынша – 4 рет (2021 жылы- 1 рет) 75 % көбейген;

«103» нөміріне – 18 рет (2021 жылы- 24 рет) 25 % азайған;

Анықтамалық сұрақтар бойынша – 27817 рет (2021 жылы – 25867 рет)                             7 % көбейген.

Басқа да балалардың ойнауы, нөмірді қате теру, азаматтардың ақылға қонымсыз, қызба мінезді, психикалық жағдайда қоңырау шалған жағдайлары – 65282 рет (2021 жылы- 94045 рет) 30,6 % азайған.

        Дабыл бойынша шығыстар барысында Қалалық дәрігерлік жедел жәрдем станциясының қызметкерлерін 187 рет, «ҚЭТТК» АҚ басқармасының қызметкерлерін 97 рет, Қызылорда облыстық Полиция Департаменті қызметкерлері 175 рет, «КазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы қызметкерлерін 72 рет, «Апаттар медицина орталығы» ММ қызметкерлерін 87 рет шақыртылып, күштер мен құралдары жұмылдырылды.

         «Зымырантасығыштарды ұшыру кезінде авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығын қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №113 бұйрығы бойынша 2021 жылы «Союз-2.1а» ғарыш аппараты Байқоңыр ғарыш айлағынын ұшырылуына сәйкес қала, аудан өрт сөндіру бөлімдері күшейтілген жұмыс тәртібіне 5 рет көшірілді.

          «2022 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында 2022 жылғы                              3-4 наурыз аралығында «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіліп, Қазалы ауданында «Су тасуы кезіндегі авариялық-құтқару қызметтерінің су басқан аумақтан тұрғындарды құтқару, көшіру, медициналық көмек көрсету және ТЖ зардаптарын жою» тақырыбында өткізілген оқу-жаттығуға Қызметтен 19 жеке құрам мен 4 бірлік техника қатыстырылды.

 Кадр саясаты бөлімі

Қызметтің штат саны–775, нақты–746, бос лауазымдар саны – 29 (3,7%), оның ішінде: азаматтық қорғау лауазымы бойынша 29, азаматтық қызметші бойынша–2.

Ағымдағы жылы 20 қызметкер қызметке қабылданды. Оның ішінде: қайта қабылданған – 2 қызметкер, жаңадан қабылданған - 6 қызметкер, азаматтық қызметші – 8, АҚА түлектері - 4.

Жұмыстан шығарылғандар – 34, оның ішінде, зейнеткерлікке шыққандар – 21 (азаматтық қорғау қызметкері -21), өз қалауы бойынша – 11 (азаматтық қорғау қызметкері -11, азаматтық қызметші -2), ҚҚО теріс себеппен шығарылған-1.

Азаматтық қорғау органдарының имиджін арттыру мақсатында Қызмет алдында бірінші орында қызметкерлерді тәрбиелеу міндеті тұрады. Жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 8 семинар мен 15 дәріс және 12 іс-шара өткізілді.

Гарнизонда міндеттерін үлгілі орындау, бастамашылдық пен лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруда табысты көрсеткіштер көрсеткен қызметкерлер белсенді түрде марапаттауға ұсынылды. Атап айтқанда 5 қаңтарда Қызылорда қаласында қала тұрғындары жаппай митингіге шығып, соңы наразылық білдірушілер мен полиция қызметкерлері арасында қақтығысқа ұласып, бүлікшілер жаппай тәртіпсіздік жасап әкімшілік ғимараттарды өртеп (қиратып) төтенше жағдай орын алды. Осы уақытта төтенше жағдай салдарын жоюға белсене қатысқан 83 қызметкер ақшалай марапатталды. Сонымен қатар «8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай ҚР Төтенше жағдайлар министрінің, Департамент бастығының, Қызмет бастығының, облыс және қала әкімінің алғыс хатымен 82 қызметкер марапатталды.

Мәлімет үшін: ҚР ТЖМ алғыс хаты – (С. Дарибаева), ҚР ТЖ Министрінің алғысын жариялау  (Д. Байжұмаева, Ә. Келдібаева).

Жыл басынан бері 47 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2021 жылы – 86), өткен жылмен салыстырғанда 39 тәртіптік жазаға азайып отыр. Оның ішінде: ескерту–27, сөгіс–17, қатаң сөгіс-2, ҚҚО теріс себеппен шығарылған-1.

Мәлімет үшін: лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін – 21, орындаушылық тәртіпті бұзғаны үшін – 12, жол-көлік оқиғасына жол бергені үшін – 2, прокурорлық әрекет ету нәтижесімен – 7, әдеп кодексі талаптарын бұзған – 2.

Жалпы басшы құрамның тапсырмасымен қызметкерлердің отбасылық жағдайымен танысу, әлеуметтік және қызметтік мәселелерін анықтап көмек көрсету шаралары өткізілді. Тәрбие жұмыстары жүйелі және тұрақты түрде жүргізілуіне байланысты тәртіптік жазаның көрсеткіші 54%-ға азайды.

 Психология қызметі бойынша

9 айда Қызметтің жеке құрамына 14 консультация (қызметкерлермен-14) өткізілді.

Жоспарлы тексеру барысында 820 қызметкерге 14 әдістеме бойынша психодиагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Жеке құрамды сапалы түрде дайындықтан және кәсіби оқыту шеңберінде қызметкерлерді психологиялық дайындықтан өткізу мақсатында түрлі тақырыпта барлығы 1238 қызметкердің қатысуымен 26 психологиялық дәріс оқылып,  821 қызметкердің қатысуымен 9 тренинг жүргізілді. 50 қызметкерге 7 топтық және 2 жеке түзету сабақтары жүргізілді.

Суицидтің профилактикасы бойынша жеке құрамға 331 қызметкердің қатысуымен 10 семинар-сабақ жүргізілді.

 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай  аймағында зардап шеккен тұрғындарға шұғыл психологиялық жәрдем көрсету 18 наурыз 2015 жылғы № 57 бұйрық негізінде жүзеге асады. 9 ай ішінде 4 рет жедел шақыртуларға шығып, барлығы – 11 зардап шегушілерге шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

          Полиграф бойынша: 9 айда 138 полиграфологиялық зерттеу жүргізілді. Оның: 68 кезекті аттестациялау, 38 Қызметке жұмысқа орналасатын кандидаттар, 24 М.Ғабдуллин атындағы АҚА оқуға түсуге кандидаттар, жазбаша өтінішпен (Қызылорда облысы бойынша тергеп-тексеру департаменті, Түркістан облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ) 6 қызметкер және 2 кандидат полиграфологиялық зерттеуден өтті.

 Өткізілген жарыстар мен байқаулар

          Сәуір айында қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болған қызметкерлерді (Қ.С.Төреманов, А.Қ.Төлеубаев, А.Қ.Әшірбеков) еске алу құрметіне орай Қызметтің өрт сөндіру бөлімдері арасында өрт-құтқару спортынан жарыс өткізілді.

          2022 жылғы Халықаралық және Республикалық спорттық жарыстарды өткізу күнтізбелік жоспарына сәйкес 2022 жылдың тамыз айының 1 мен 6 аралығында Қызылорда қаласында ХХVІІІ ерлер арасындағы және VІІІ әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жазғы чемпионаты өткізілді. Жарыстың өткізілу бағдарламасы бойынша 1 тамызда жарысқа қатысушылардың барлық командалары Қызылорда қаласына келді. Чемпионатқа облыстармен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының ТЖД және М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 18 ерлер командасы және 14 әйелдер командалары (Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында әйелдер құрама командалары жоқ) қатысты.

          Қыркүйек айында Қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінің газ-түтіннен қорғаушылары арасында «Үздік газ-түтіннен қорғаушы», «Үздік ГТҚҚ буыны» сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

          Қазақстан  Республикасы  Төтенше  жағдайлар  министрлігінің  2022 жылғы 15 тамыздағы «Қазқұтқару-2022 кешенді тактикалық жаттығу өткізу туралы» № 28   бұйрығы бойынша, жасақтың 13 құтқарушысы 3 бірлік техника, «Казбоат-53» катер және қажетті құрал-жабдықтарымен Алматы облысының аумағындағы «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонында өткізілген «Қазқұтқару-2022» құтқару көпсайысты жарыстарға қатысты. Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша, жарыстарға қатысқан 16 команданың ішінен жасақтың командасы жүлделі 2-ші орынға ие болды. Этаптар бойынша айтатын болсақ, Қызылорда командасы «Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары» және «Белтемір кешенді күштік жаттығу» жарыстарында бірінші орынға шықты,  «Техногендік апаттар жағдайларындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясы бойынша 2-ші орынды және «Кросс» жарыстарында үшінші орынды алды.

Өзекті мәселелер және оның шешу жолдары

          1) Сырдария өзенінің сол жағалуына 4 шығысқа арналған өрт сөндіру депо құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қажетті қаржыны 2023 жылға бөлдіру (26 млн. 670 мың 447 теңге) бойынша Құрылыс басқармасымен жұмыс жасау.

          2) Сүңгуірлік костюмдердің тозығы жетуі мен сүңгуірлік жабдықтардың жетіспеушілігіне, қайықтардың ілгекті моторларын ұзақ уақыт пайдалану салдарынан жиі істен шығуына байланысты Жедел-құтқару жасағының материалдық-техникалық базасын жаңарту (22 млн.)

          3) Жергілікті және республикалық бюджеттен 2022 жылдың тамыз айында Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекені, Камбаш көлінің жағасына құтқарушыларға арналған модульді үйдің инфраструктурасына (электр, су, жылу жүйесіне қосу) қаржы бөлу мәселесін қарау.

          4) Өрт сөндіру бөлімдерін газдандыруға (№5, №6, №10, №11, №12, №14 ӨСБ) жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлу мәселесін қарау.

          5) 2022 жылдың маусым айының 6 мен 19 аралығында Алматы қаласы мамандандырылған жасақтың ГТҚҚ базасында 264 бірлік баллон сынақтан өткізілді. Сынақ қорытындысы бойынша 148 бірлік баллон жарамсыз, яғни 56% (90 композитті баллон кеңейген (расширен), 58 болатты (стальной) баллон таттанған). Барлығы 495 баллон бар тозығы жетуіне байланысты қосымша 141 талап етіледі (35 млн. 250 мың теңге).

            6) Жергілікті және республикалық бюджеттен террозимге қарсы осал объектілерді материалды-техникалық жабдықтауға қаржы бөлу мәселесін қарау.

          Жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы бөлу.       

 

 

Дата публикации
21 октября 2022
Дата обновления
21 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы