Меню

Страницы

Статья

Кәсіби күні құтқарушылар туралы бірер сөз   

        Бүгін Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ибрагимов Нұрсұлтан Жаңабайұлы «19-қазан – Құтқарушылар күніне» орай брифинг барысында сұхбат берді.

Сұхбат барысында спикер былай деді: «Құтқарушы мамандығы  - ержүрек, батыл жандардың мамандығы. Сондықтан әрқашан құтқарушының мәртебесі биік. Халықтың тыныс-тіршілігі мен аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік маңызы бар мәртебелі мамандық, ең қажетті, құрметті және игі кәсіптердің бірі.

Елге адал қызмет ете жүріп, өз өмірін қатерге тіккен Кенжебай Жақыпов, Арғын Әшірбеков, Арман Төлеубаев, Қазбек Төреманов қызмет бабында жүріп қаза болды.  Біз осы асыл азаматтарымыздың ерлік істерін мақтан етеміз, еске аламыз. Жыл сайын "19 қазан – Құтқарушылар күні" қарсаңында біз батыр құтқарушыларымыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,   олардың ерлігін еске аламыз, бұл біздің парызымыз.

Өңір бойынша 9 айда 1826 рет әр түрлі оқиға орындарына шығу тіркелді. (оның ішінде 348 өрт сөндірілді, 11 суға кету оқиғасында әрекет етті.) Мамандардың кәсіби-жедел әрекеттерінің арқасында 283 адам құтқарылды, түрлі төтенше жағдайлар аймақтарынан 22 адам эвакуацияланды, 189 азаматқа медициналық көмек көрсетілді.

Құрметті әріптестер, Сіздер күн сайын қиын да қауіпті жағдайда түрлі сипаттағы қауіп-қатерге қарсы тұрып, батыл әрі шапшаң, жауапты да адал әрекет етіп, зардап шеккен жандарды құтқарып, шұғыл көмек көрсетесіздер. Бұл мереке – міне сіздердің осы қызметтеріңізге көрсетілген құрмет. Әріптестер мен ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтаймын.»                                        

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
19 октября 2022
Дата обновления
19 октября 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы