«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 29 маусымда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады таңертең және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 44 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 29 маусымда жел солтүстіктен соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.