«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 20 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 20 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.