«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 1 маусымда күндіз Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында және оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.