«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 31 мамырда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.