Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Саид Молдақаревтың қатысуымен брифинг өтті.
Брифингтің тақырыбы: «Жаңақорған ауданындағы метеорологиялық жағдайға байланысты болған оқиғалар туралы».
Брифинг барысында Саид Шазындаұлы: «Кеше Жаңақорған ауданында қатты желдің әсерінен (жылдамдығы 18 м/с) 5 ғимараттың және екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің шатырлары (профнастил) құлаған. Оқиға салдарынан зақымдалған электр сымдары қайта қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта Кейден және Жайылма ауылдық округтерінде электр сымдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің төрағалығымен аудандық ТЖ комиссиясының отырысы өткізіліп, нақты тапсырмалар берілді. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,-деп атап өтті.
Брифинг соңында спикер журналистердің сұрақтарына да жауап берді.
Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы