Меню

Страницы

Статья

Брифинг  

Бүгін  Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаевтың, Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиевтің,  «ҚАЗСУШАР» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаровтың, Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы РММ-нің басшысы Сейілбек Нұрымбетовтың қатысуымен брифинг өтті.

         Брифингтің тақырыбы: «Су тасу қаупінің алдын алу шаралары туралы».

         Брифинг барысында Руслан Қайрақбаев: «Ағымдағы жылғы 22 наурызда Сырдария өзені толықтай мұздан тазартылды.

         Облыс бойынша 2021-2022 ж.ж. қысқы-көктемгі су тасқынына қарсы шараларға қатыстырылатын күштер мен құралдардың құрамы: 1087 адам, 361 бірлік техника және 75 су сору мотопомпасы дайындыққа келтірілді. (ТЖД тарапынан 127 жеке құрам, 28 техника, 9 жүзу құралдары мен 36 мотопомпа). Халықты көшіруге арналған 83 эвакуациялық жинақтау және 102 қабылдау пункті дайындыққа келтірілді.»,-деді.

         «Қазіргі уақытта Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 1000 м3 су келіп, оның секундына 450 м3 Көксарай су реттегіші алады. Облыс аумағына секундына 650 м3 дейін су келуде».

         Брифинг соңында спикерлер журналистердің сұрақтарына да жауап берді.

Қызылорда облысы ТЖД 

Қоғаммен байланыс тобы

Дата публикации
04 апреля 2022
Дата обновления
04 апреля 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы