Меню

Страницы

Статья

Брифинг     

       Бүгін  Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Ізбасаровтың  және «Қазсушар» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалы Су шаруашылығы нысандарын пайдалану бөлімінің басшысы Айдос Асанбаевтың қатысуымен брифинг өтті.

         Брифингтің тақырыбы: «Арал ауданы Қамбаш көлінің бүгінгі ахуалы туралы».

         Брифинг барысында Бауыржан Ізбасаров: «Кеше орын алған оқиға бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Салдарынан «Аққұмшық» жағажайындағы 6 демалыс үйі зақымдалған.»,-деді.

         «Қамыстыбас көлдері жүйесіне каналдар арқылы - 387 млн.текше метр су жіберілсе, Ақшатау көлдер жүйесіне - 478 млн.текше метр су жіберілді. Көктемгі су көлемінің ұлғаюына байланысты Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 1300 текше метрге дейін тасталуда. Осыған орай, уақытша мол суды құрғақшылықтың алдын алу мақсатында барлық аудандардағы каналдар арқылы көлдер жүйелері мен шабындық жайылымдыққа алып қалуға тырысудамыз. Тиісінше Қызылорда су торабының төменгі ағысына секундына 600-650 текше метр су өтеді деп күтілуде», - деді «Қазсушар» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалы Су шаруашылығы нысандарын пайдалану бөлімінің басшысы Айдос Асанбаев.

         Брифинг соңында спикерлер журналистердің сұрақтарына да жауап берді.

Қызылорда облысы ТЖД 

Қоғаммен байланыс тобы

Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
30 марта 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы