29 наурызда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың орталығында және шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 29 наурызда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 29 наурызда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.