Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараевтың қатысуымен брифинг өтті.
Брифингтің тақырыбы: «Сырдариядағы мұздың өтуі туралы» болды.
Брифинг барысында Саид Шазындаұлы: "Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы – 1 274 шақырымды құрайды. Қорғаныс бөгеттерінде қауіпті деп танылған 56 су басу аймақтарына 197 жауапты мекеме бекітілді.
-Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағасына жіберілген су көлемі секундына - 100 текше метрді құрады. Облыс аумағынан секундына -160 текше метр су келіп түсуде. Сәйкесінше, Қызылорда су торабынан - 105 текше метр, Әйтек су торабынан - 53 текше метр, Қараөзек су қоймасынан - 48 текше метр су төменгі ағысқа жіберілуде. Қазіргі таңда, Сырдария өзені бойымен мұз Арал және Қазалы аудандарынан өтуде. Қала тұсындағы өзен беті мұздан таза",-деді.
Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы