11.03.2022 жылдың Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 11 сағат 05 минуттан бастап,Ақтөбе облысы ауа-райының нашарлауына байланысты (көру мүмкіншілігі шектелген, дауыл, қар) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығына (Ақтөбе обл. шекарасынан бастап Қызылорда облысы, Арал ауданына дейін) барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.