«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 19 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман сақталады, күндіз облыстың оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік жартысында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 19 қаңтарда кей уақытта тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.