Меню

Страницы

Статья

ТҰРҒЫНДАР САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ КЕРЕК    

      Баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстарға тоқталып өтті.

         Қызылорда қаласында жыл басынан бері әр түрлі сипаттағы 165 өрт оқиғасы орын алған. Оның ішінде тұрғын үйлерде 114 өрт оқиғасы, көмірқышқыл газына улану фактісі бойынша 3 жағдай, табиғи газға улану фактісі бойынша 1 жағдай тіркелген.

         Бұған көп жағдайда тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын орындамай, жабдықтардың орнатылуына салғырт қарауы себеп болуда. Мәселен, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайын тексермеу, электр сымдарының дұрыс жалғанбауы мен ескіруі, балаларды қараусыз қалдыру және  пештің түтін шығу жолдарын тазаламау  өрт оқиғаларына әкеп соқтыруда.

         Қазіргі таңда газ пайдалануға орай орын алуы мүмкін оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында мейрамханалар мен тамақтану орындарында рейд  ұйымдастырылуда.

         Өткен жылы әлеуметтік тәуекел топтарына кіретін отбасылардың тұрғын үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктердің 330 данасы орнатылса, биыл датчиктер 350 отбасының тұрғын үйіне орнатылады деп жоспарлануда.

Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

Дата публикации
25 ноября 2021
Дата обновления
25 ноября 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы