Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Р.Қайрақбаевтың, Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысының орынбасары Б.Әлиевтің, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Е.Жаңабаевтың, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметінің басшысы Б.Ерімбетовтің, Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қ.Әбсұлтановтың қатысуымен брифинг өтті.
Тақырыбы: "Жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу туралы".
Брифинг барысында Руслан Сламбекұлы былай деді: "Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын жылу беру маусымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығы, мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бойынша іс-шараларды атқарады.
2021 – 2022 жылдардағы жылу беру маусымында облыс көлеміндегі тұрғын секторларда 78 өрт оқиғасы орын алды. Өрт оқиғасы салдарынан 2 адам қаза болды. Көмірқышқыл газынан улану көптеген жағдайларда тұрғындардың өрт қауіпсіздігі шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан пайда болады.
2021-2022 жылғы жылу беру маусымында 28 489 тұрғын үй секторының (111 454 адам) ауласы араланып, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен 137 рет (1 828 адам) кездесу ұйымдастырылып, соның ішінде электр және газ баллоны жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану жайында өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді."
Брифинг соңында журналистердің сұрақтарына да жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы