Меню

Страницы

Статья

Брифинг  

Бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығының орынбасары, Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов пен «Апаттар медицинасы орталығы» филиалының дәрігері Нұрбол Сауытбаевтың қатысуымен брифинг болды.

         Брифинг тақырыбы: «Жолдағы қауіпсіздік, авариялық-құтқару жұмыстары».

         Брифинг барысында Бақыт Ембергенов: «2021 жылы жасақтың құтқарушылары 9 рет жол-көлік оқиғасына және 1 рет авариялық-құтқару жұмыстарына шықты. Атқарылған жұмыстар барысында құтқарушылар 10 адамды құтқарып, қайтыс болған 6 адамның денесін шығарды. Сондай-ақ құтқарушылар жолда қар құрсауында қалған 8 автокөлікті қауіпсіз жерге шығарды.»,-деді.

         Сонымен бірге жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы да айтты. «Ең бастысы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керек. Қысқы кезеңде пайдалану үшін автокөлікті дайындау керек (доңғалақтарын қысқыға ауыстыру, салқындатқыш сұйықтығын (охлаждающая жидкость) қатпайтын сұйықтыққа ауыстыру, аккумулятор батареясына қызмет көрсету және т.б.).

         Алыс жолға шыққанда ауа-райы туралы ескертулерді назарға алып, ауа-райы нашарлағанда жолға шығудан бас тарту керек.

         Жолға шыққан жағдайда жанар май, азық-түлік, ішетін су, жылы киім, жылытатын шам (паяльная лампа), көлікке қажеттілік үшін арқан алып шығу қажет.

         Далада автокөлік бұзылып қалған жағдайда, автокөлікті тастап кетуге болмайды, мүмкіндігінше «112» қызметіне хабарласып, көмекке шақырту, сол көмекті күту керек.

         Жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда, өртті болдырмау үшін ең бірінші автокөліктердің аккумуляторларын ажырату қажет»,-деді ол. 

         Нұрбол Сауытбаев: «Облыстағы трассада 3 трассалық медициналық құтқару пункті жұмыс жасауда.

          Жыл басынан бері филиал және «Шиелі», «Жосалы», «Әйтеке би» трассалық-медициналық құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы 140 құтқару жұмысына шықты. Жол-көлік оқиғасы кезінде құтқару жұмыстарына – 41 рет шыққан. 150 зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Авариялық-құтқару жабдықтарын қолдана отырып, жол-көлік оқиғасы кезінде қысылып қайтыс болған 5 адамның мәйіті шығарылды. Жолдағы жолаушылар денсаулықтары нашарлаған жағдайда трассадағы сол 3 пунктке жүгініп, медицналық көмек алуға болады.»

         Брифинг соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
10 ноября 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы