Меню

Страницы

Статья

Датчиктерді орнату туралы брифинг өтті  

Өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Б.Ізбасаров пен Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысының орынбасары Б.Әлиевтің қатысуымен брифинг өтті. 

Брифинг барысында Бауыржан Шірімбекұлы: «Қазіргі таңда Департаменттің 2021 жылғы 15 қазандағы «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі туралы» тақырыбындағы №121 бұйрығына сәйкес Департаменттің және Полиция департаментінің қызметкерлерімен, қоғамдық бірлестіктердің волонтёрлермен бірлесіп, жылу беру маусымы кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық үгіттеу–түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Басты назар тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғызбасты ана және мүгедек адамдары бар жанұяларға  аударылды. Мұндай отбасылардың саны 7691. Олардың тұрғын үйлері толық араланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2019 жылдан бастап 3 750 отбасысының тұрғын үйіне көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды. Орнатылған датчиктер өз тиімділігін көрсетуде. Атап айтқанда, 3 отбасының өмірі мен мүлкін сақтап қалуға септігін тигізді.»

            «Қазіргі таңда 4000 мыңға жуық отбасының тұрғын үйлеріне орнату үшін көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алу бойынша келісім жасалды.», - деді Бағдат Исламбекұлы.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
03 ноября 2021
Дата обновления
03 ноября 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы