Бүгін сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында Қызылорда облысы ТЖД инспекторлық құрамы қаладағы түрмеде- уақытша изоляторда болып, ондағы бас бостандығынан айырылған адамдардың өмірімен танысты. Іші «суық» түрме камералары көңілге кірбің ұялатып, бостандықтың қадірін ұғындыра түседі. Департаменттің идеологиялық жұмыс-жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдардың бас бостандығынан айыру орындарына қызметкерлердің баруын Психологиялық қызмет тобының бас маман-психологі азаматтық қорғау майоры Арайлым Тілеуқабылова ұйымдастырды. Мұндай іс-шаралар Департамент тарапынан ұдайы ұйымдастырылады. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, қызметкерлердің тиімді жұмыс жасауына септігі тиетіні сөзсіз.
Қызылорда облысы ТЖД