Бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараевтың қатысуымен «Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күні» тақырыбында брифинг өтті.
«БҰҰ Бас Ассамблеясы, 1989 жылы «Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі онжылдық» жариялап, Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күнін белгіледі. 2001 жылы Бас Ассамблея табиғи апаттардың алдын алу күнін жыл сайын атап өтуге қаулы шығарды.»
«Қызылорда облысында секундына 15-20 м. қатты жел ұдайы болып тұрады. Соның салдарынан конструкциясы осал үйлер мен әкімшілік ғимараттардың, әлеуметтік-мәдени, өндірістік мақсаттағы объектілердің шатырлары ұшып, электр жүйелерінің үзілуі орын алуда. Өткен жылы ауа райының қолайсыздығынан 4 жағдай, жыл басынан бері 2 жағдай орын алды.
«2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны іс-шаралары» жол картасы жаңадан бекітіліп, оған 18 іс-шара енгізілді.
«Халықты және Қызылорда облысының басқару органдарын құлақтандырудың кешенді жүйесін құру» үшін тиісті қаражат бөлініп, Қызылорда қаласында 25, Шиелі және Жаңақорған аудандарында 10 құлақтандыру құрылғысы орнатылды.
Есепті мерзімде Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының 5, Қызылорда қаласы мен аудандарда 37 отырысы өткізілді.»
«Есепті мерзімде орман және тоғайлы алқапта 11 өрт тіркелді. Табиғи өрттердің алдын алу бағытында ауылдық округ әкімдері, орман шаруашылығы қызметкерлері, шаруа қожалық иелерімен бірлесіп, 828 іс-шара ұйымдастырылды, оған 6841 адам қатыстырылды. Жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығымен бірлесіп, 14 мобильді топ құрылды. Бүгінге дейін мобильді топ 486 рейд өткізді. Рейд барысында әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 367-бабына сәйкес 4 жеке тұлғаға айыппұл салынған, ал кодекстің 336-бабына сәйкес 9 жеке тұлғаға «Ескерту» шарасы көрілген.»
Брифинг соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД