Бүгін – 2021 жылдың 1 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД бастығы Руслан Қайрақбаев «Облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» толығырақ баяндады:
«Өңірде секундына 15-20 м. жел немесе шаңды дауыл ұдайы орын алып тұрады. Соның салдарынан үйлер мен әкімшілік ғимараттарының шатырлары опырылып, электр жүйелері үзілуде. Жыл басынан бері осындай 2 жағдай орын алды.
«2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны іс-шаралары» жол картасы бекітіліп, оған 18 іс-шара енгізілді.
Сондай-ақ «Халықты және Қызылорда облысының басқару органдарын құлақтандырудың кешенді жүйесін құру» жұмысы үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта қалада 25, Шиелі және Жаңақорған аудандарында 10 дана құлақтандыру құрылғысы орнатылды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының 5 отырысы, қала мен аудандарда 31 отырысы өткізіліп, тиісті мекемелерге тапсырмалар жүктелді.
2021 жылдың 9 айында областа 320 өрт орын алды. Өрт оқиғасынан 10 адам қаза болды. Жарақат алғандар саны 17.
Жыл басынан көмірқышқыл газынан 6 адам зардап шекті.
Ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 15 қазаны аралығы «Өрт қауіпсіздігі айлығы» болып жарияланып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылғы 15 тамыздан бастап 6 820 тұрғын үйдегі 25 305 адамға өрт қауіпсіздігі талаптары жөнінде айтылды.»
Брифинг соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД