Меню

Страницы

Статья

Брифинг  

         Бүгін – 2021 жылдың 22 қыркүйегінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Ізбасаров «Республикалық оқу-жаттығу жиыны және облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» толығырақ айтып берді:

«2021 жылғы 21-22 қыркүйек  аралығында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіліп жатқаны барлықтарыңызға мәлім.

Оқу-жаттығудың халықаралық деңгейде өтуіне байланысты өзге мемлекеттердің де Төтенше жағдайлар министрліктері қатыстырылуда. Яғни, Қырғызстан pепубликасынан 14, Өзбекстан pеспубликасынан 13, АҚШ-тан 3 өкіл қатысуда.

Жалпы оқу-жаттығуға 800-ден аса адам, 150-ге жуық техника жұмылдырылған.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау».

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне 2021 жылғы 21 қыркүйекте сағат 07.00-де Алматы облысында жойқын жер сілкінісінің қауіпі бар туралы «Апат-999» дабылы түскеннен кейін Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының жедел отырысы өткізілді.

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Елтай ауылдық округі  Көкөзек елді мекеніндегі жойқын жер сілкінісі зардаптарын жоюға Қызылорда облысы азаматтық қорғау қызметтерінен 67 құрылым, 1494 адам және 471 техника жоғары дайындыққа келтірілді.

Авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін төтенше жағдай орын алған аумаққа 1 – эшелонмен Қызылода облысының азаматтық қорғаудың мемлекеттік кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерінен құрылған жедел топ (36 адам, 8 бірлік техника  және құтқару құрал-жабдықтары бар) жөнелтілді.  

Теміржол көлігі арқылы 2 – эшелонмен 15 құрылымнан жұмылдырылған 75 адам 2 вагонға отырғызылды, сонымен бірге 25 техника 15 вагонға тиеліп, жөнелтілді.

Олар жер сілкінісі зардаптарын жою жұмыстарын атқаратын болады.

Жалпы алғанда Қызылорда облысының азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі авариялық-құтқару жұмыстары және кезек күттірмейтін жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуде.»

Брифинг соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 Қызылорда облысы  ТЖД

Дата публикации
22 сентября 2021
Дата обновления
22 сентября 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы