«Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 8 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күші облыстың солтүстік-батысында және орталығында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.