Өңірлік коммуникациялар қызметінде бүгін - 2021 жылғы 6 қыркүйекте өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын адамдардың саны артуда екендігін, кей жағдайда тіпті қайғылы жағдаймен аяқталуда екендігін атап өтті. Жыл басынан бері су айдындарында 40 оқиға тіркеліп, 45 адам қаза тапты. Оның ішінде 23-і бала.
Шомылу маусымы кезінде өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтер мен патрульдер ұйымдастырылуда. Облыстың су айдындарында 1475 рет рейд жүргізілді. 127581 адамға судағы қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, жадынама парақшалары таратылды. Бүгінгі күні қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкен 195 адам жауапкершілікке тартылды. Тыйым салынған жерлерде шомылу ережелерін бұзғаны үшін 232 адамға ескерту жасалды.
Облыс тұрғындарынан балаларды су айдыны жағасында қараусыз қалдырмауды, сонымен бірге су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Қызылорда облысы ТЖД