Меню

Страницы

Статья

Брифинг

Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2021 жылғы 23 тамызда өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев оқыс жағдайлардың алдын алу және балаларға сақ болу туралы айтты.

«Жыл сайын жылдың жылы мезгілінде балалардың көп қабатты үйлердің терезелерінен құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың саны ерекше алаңдаушылық туғызады.

Ата-аналардың немқұрайлы қарауы себебінен жыл басынан облыс көлемінде 9 бала терезеден кұлап кеткен. Олардың барлығы 2 - 6 жас аралығындағы балалар. Сол оқиғалар салдарынан 7 бала әр түрлі дене жарақатын айлып, 2 бала қаза болды.

Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы.

Балаларға арналған қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бойынша жағдайларды жасау және ата-аналардың жауапкершіліктерін арттыру, сондай-ақ балалар өліміне қатысты қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында шаралар қабылдау үшін тиісті мекемелерге ұсыныстар  жолдануда.  Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қала, аудан аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына және орталықтарындағы адамдар көп шоғырланатын орындарында 7 сауда үйі мен 4 базардағы 22211 адамға 11127 үнпарақ таратылып, кіре беріс есіктеріне жадынамалар  ілінуде. 

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде, дауысзорайтқыштарда  352  ақпарат  жарық көрді.

Облыс бойынша білім беру ұйымдарына «Zoom» қосымшасы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен байқаусызда құлаудың алдын алу мақсатында «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында акция өткізілді. Акция аясында 35 жағдайы төмен, көп балалы отбасылар терезелеріне блокиратор орнатылды.

Қаладағы балабақшалардың тәрбиешілері мен қызметкерлеріне «Терезеден құлау фактісін болдырмау, алдын алу бойынша» сабақ өткізілді.

Сонымен қатар облыс аумағында көп қабатты тұрғын үйлер аулаларында дауысзорайтқыш құрылғысы арқылы құлақтандыру жұмыстары жүргізілуде.»

Қызылорда облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

Дата публикации
25 августа 2021
Дата обновления
25 августа 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы