Бүгін – 2021 жылдың 10 тамызында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қайрақбаев облыстағы өрт қауіпсіздігі туралы мәлімдеді:
«2021 жылғы 7 айда облыста 230 өрт оқиғасы орын алды. Өрт оқиғасы салдарынан 13 адам жарақат алып, 10 адам қаза болды.
Жыл басынан 6 адам көмірқышқыл газымен уланған.
Өрт қауіпті кезеңде 580,5 га. құрайтын орман-далалы алқапта 11 өрт оқиғасы орын алды.
Жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, қала және аудандарда құрамында 62 адам бар 14 мобильді топ құрылып, 302 рейд өткізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 367-бабына сәйкес 4 жеке тұлғаға айыппұл салынып, 336-бабына сәйкес 7 жеке тұлғаға «ескерту» шарасы көрілді».
Брифинг соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД