Меню

Страницы

Статья

Брифинг

Қызылорда облысында шомылуға тыйым салынған аймақтарда 286 қауіпсіздік белгісі орнатылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2021 жылғы 26 шілдеде өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.

Сонымен бірге ол қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын адамдардың саны артуда екендігін, кей жағдайда тіпті қайғылы жағдаймен аяқталуда екендігін атап өтті. Жыл басынан бері су айдындарында 33 оқиға тіркеліп, 38 адам қаза тапты. Оның ішінде 20-сы бала.

Шомылу маусымы кезінде өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтер мен патрульдер ұйымдастырылуда. Облыстың су айдындарында 693 рет рейд жүргізілді. 7312 адамға судағы қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, жадынама парақшалары таратылды. Бүгінгі күні қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкен 176 адам жауапкершілікке тартылды. Тыйым салынған жерлерде шомылу ережелерін бұзғаны үшін 71адамға ескерту жасалды.

Облыс тұрғындарынан балаларды су айдыны жағасында қараусыз қалдырмауды, сонымен бірге су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
26 июля 2021
Дата обновления
26 июля 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы