2021 жылдың 7 шілдесінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник С. Молдақараев «Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы» айтты.
Саид Шазындаұлы: “Облыс аумағымен өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1274шақырымды құрайды. Мұнан басқа 19 ірі канал, 220 шағын каналдар және 207 көл облыс аумағында орналасқан және 64 қауіпті учаске анықталған.
2021 жылдың басынан облыс аумағындағы су айдындарында 30 жағдай тіркеліп 35 адам қаза болды. (оның ішінде 20 бала).
Облыс аумағында суға шомылуға рұқсат етілген 2 жағажай орналасқан. Атап айтқанда: (Қызылорда қаласындағы «Сыр-самалы» және Белкөл кентінде орналасқан «Абай»).
Департамент бастығының «Облыс аумағында өрт және судағы қауіпсіздік айлығын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, қызметкерлер күшейтілген түрде облыс аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауы және қала, аудан аумағында орналасқан су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты сала мамандарын тарта отырып, (Полиция департаменті, БАҚ-өкілдері және еріктілер), 15:00-22:00-ге дейін рейд және патрульдеу іс-шаралары ұйымдастырылуда.
ТЖ департаментінің қызметкерлері мен құтқару бөлімшелерінің құтқарушылары су айдындарында, балық аулайтын орындарда 563рейд өткізіп, 5606 адамға (725 бала) судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіріп, үнпарақтар таратылуда. Қазіргі таңда ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 364-бабы бойынша 24 адамға ескерту шарасы көрілді”.
Брифинг соңында журналистердің сұрақтарына да жауап берілді.
Қадірменді облыс тұрғындары!
Қазіргі уақытта ауа райының шамадан тыс ысуына орай, суға шомылып, салқындаушылар өте көп. Сонымен бірге, суға түсу салдарынан қайғылы оқиғаларға ұласуы да жиілеуде. Сіздерден су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды, өздеріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауыңызды, суға шомылуға арналмаған орындарда суға түспеулеріңізді сұраймыз. «Су – тіршілік көзі» болғанымен, қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған жағдайда кез-келген адамға су айдындары қауіпті екенін де ұмытпаңыздар! Әсіресе, балаларға сақ болыңыздаршы!
Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы