Меню

Страницы

Статья

Департамент бастығының орынбасары брифингте сөз сөйледі  

         2021 жылдың 30 маусымында  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник С. Молдақараев «Су айдындарында қауіпсіздікті сақтау туралы»  айтты.

  Саид Шазындаұлы: “Облыс аумағымен өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1274 шақырымды құрайды. Мұнан басқа 19 ірі канал, 220 шағын каналдар және 207 көл облыс аумағында орналасқан және 64 қауіпті учаске анықталған.

2021 жылдың басынан облыс аумағындағы су айдындарында 25 жағдай тіркеліп 29 адам қаза болды. (оның ішінде 17 бала)”.

531 рейд өткізіліп, 5450 адамға (697 бала) судағы қауіпсіздік ережесі жөнінде түсіндіріп, үнпарақтар таратылды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364-бабы бойынша 22 адамға ескерту шарасы көрілді.

Жыл басынан балықшылардың заңсыз балық аулау кезінде қайғылы оқиғаға ұшырауы орын алуда. Осыған сәйкес «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы»  139 жеке тұлғаға айыппұл салды.

Сұхбат барысында Саид Шазындаұлы көпшілікке су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігін ескертті.

Брифинг соңында журналистердің сұрақтарына да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

Дата публикации
01 июля 2021
Дата обновления
01 июля 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы