Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы
мамыр айынан бастап азаматтардың судағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Суға шомылуға тыйым салынады!» тақтайшаларынан жаңадан 5 дана орнатылып, қазіргі таңда тақтайшалардың жалпы саны 37 дана тақтайшаға ұлғайды.
Сала мамандарымен күшейтілген түрде Сырдария өзені жағалауында және қала аумағында орналасқан су айдындарында сағат 13.00 – ден сағат 20.00 - ге дейін рейдтік іс-шаралары жүргізілуде. Рейд барысында белігіленбеген аймақта суға шомылып жүрген 13 жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 364 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы ретте, Қызылорда қаласы тұрғындарымен қонақтарынан белгіленбеген жерге суға түспеуге және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы