Дабылды ескерту
«Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 7 маусымда Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. 7 маусымда күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 7 маусымда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.