Дабылды ескерту
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 5 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады, таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с,күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с сақталады. 5 маусымда күндіз 41 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.