«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 2 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 2 маусымда күндіз 40 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.