Дабылды ескерту
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 1 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 1 маусымда күндіз 41-43 градус қатты ыстық күтіледі.