Дабылды ескерту
"Қазгидромет" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 27 мамырда күндіз, 28-29 мамырда тәулік ішінде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, 27 мамырда күндіз, 28-29 мамырда тәулік ішінде күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 27-29 мамырда күндіз 40 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.