Дабылды ескерту
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 14 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қаласында 14 сәуірде кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.