Дабылды ескерту
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 14 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.
Қызылорда қ.: 14 наурызда көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады.