Дабылды ескерту
"Қазгидромет" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 13 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 13 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.