«Қазавтожол» ЖШС Қызылорда облысы бойынша филиалынан Республикалық маңызы бар автомобиль көлік қозғалысына шектеу қою туралы
2021 жылдың 12 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 20 сағат 00 минуттан бастап, ауа-райының нашарлауына байланысты (қар және көктайғақ) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1836-2057 шақырым аралығына (Қызылорда қаласынан бастап Түркістан облысына шекарасына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.