Дабылды ескерту
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 12 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі.
Қызылорда қаласында 12 наурызда көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.