«Қазавтожол» ЖШС Қызылорда облысы бойынша филиалынан Республикалық маңызы бар автомобиль көлік қозғалысына шектеу қою туралы
07.02.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 20 сағат 20 минуттан бастап, Қарағанды облысы ауа-райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, қатты жел, жолдағы көрінудің шектелуі және кей жерлерде көктайғақ) республикалық маңызы бар А-17 «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына (Қарағанды облысының шекарасынан бастап Қызылорда қаласына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.