«Қазавтожол» ЖШС Қызылорда облысы бойынша филиалынан Республикалық маңызы бар автомобиль көлік қозғалысына шектеу қою туралы 2021 жылдың 23 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 12 сағат 15 минуттан бастап, ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қатты жел) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1912-2057 шақырым аралығына (Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан бастап Түркістан облысына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.